«Богатырь Көмір» ЖШС алаңында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөнінде дөңгелек үстел

«Богатырь Көмір» ЖШС алаңында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөнінде дөңгелек үстел

Алдағы уақытта жыл сайын 28 сәуірде атап өтілетін Дүниежүзілік еңбек қорғау күніне байланысты, 2018 жылы 20 сәуірде Павлодар облысы еңбек басқармасымен Екібастұз қаласы «Богатырь Көмір» ЖШС алаңында өндірістік жарақаттанудың алдын алу туралы тақырыпқа, оқу-курстық комбинатына, мұражайға, кәсіпорынның  еңбек даңқы залына қатысумен дөңгелек үстел отырысы өтеді.

Дөңгелек үстелге облыстың бас техникалық басшылары мен ірі және орта кәсіпорындардың еңбекті қорғау бойынша мамандары қатысады.

Дөңгелек үстелдің негізгі мақсаты іс-тәжірибе алмасу, еңбек қорғаудың проблемалық мәселелерін шешу, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бөлігінде еңбек заңнамасын бұзудың ескерту жөніндегі жұмыстарды күшейту және өндірістік жарақаттанудың алдын алу болып табылады.