«Еңбек шартын жасаңыз!» атты акция басталды

Ең көкейкесті проблемалардың бірі -  жұмысшылардың еңбек шартын жасамастан немесе азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттарды жасаудағы еңбегін пайдалану. Бұл ретте көлеңкелі еңбек қатынастары, әдетте, үнемдеу мақсатында жұмыс берушілердің  міндетті төлемдер мен салықтан жалтаруы. Нәтижесінде, өткен жылы республика бойынша үй-үйді аралау жүргізу кезінде шамамен бір миллион адам анықталды,  олар үшін жұмыс берушілер міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар аудармайды.
Оған қоса соңғы екі жыл ішінде мемлекеттік еңбек инспекторларымен  жұмысшылардың еңбек шартын жасамастан еңбектерін пайдаланып отырған мыңнан астам жұмыс берушілер анықталды. Негізінен бұл құрылыста, саудада, қоғамдық тамақтандыру мен ауыл шаруашылығында айналысатын мамандар. 
Бейресми еңбек қатынастарына жол бермеу және оларды анықтау, еңбек қатынастарының жасырын түрлерін қысқарту, азаматтардың еңбек  саласындағы өз құқықтарынан хабардар болу деңгейін арттыру мақсатымен республикалық «Еңбек шартын жасаңыз!» акция іске асырылды.
«Еңбек шартын жасаңыз!» республикалық акциясының міндеттері:
1) еңбек қатынастарын формализациялау, бейресми еңбек қатыстарында тұрған азаматтарды зейнетақымен қамсыздандыру, әлеуметтік және медициналық сақтандыру жүйесіне тарту;
2) халықтың жұмыспен бейресми түрде қамтылу фактілеріне теріс көзқарасын қалыптастыру, жұмыс берушілерге және өзін өзі жұмыспен қамтығандарға бару арқылы жұмыспен бейресми түрде қамту қатерлерін бағалау негізінде профилактикалық бақылау жүргізу жолымен, әкімшілік ден қою және бақылау шараларын  күшейту;
3) мемлекеттік органдардың, әлеуметтік  әріптестердің  қатысуымен медиа құралдары арқылы халық арасында ауқымды түсіндіру жұмысын  жүргізу.
«Еңбек      шартын     жасаңыз!»  республикалық акциясын ұйымдастырушылар: Қазақстан   Республикасының   Еңбек  және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, Атамекен» ҰКП, ҚР Кәсіподақтар федерациясы.
Осыған байланысты, облыстық әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі үшжақты комиссияның отырысында біздің облыста 2019 жылға дейін жалғасатын «Еңбек шартын жасаңыз» акциясына бастау берілді.