Сайт находится в тестовом режиме. Старая версия сайта доступна по адресу old.enbek-pvl.kz. Если вы заметили ошибку, обратитесь к администратору: as13061990@yandex.ru

Жүргізілген тексеру туралы

2018 жылдың қаңтар айында «Павлодар облысының еңбек басқармасы» ММ мекен-жайына «KDV Казахстан» ЖШС-нің жұмыскерінен еңбек шарты тоқтағанда жұмыс берушіден берілетін төлемдердің уақытылы төленбегені туралы арыз түсті.

Басқармамен  «KDV Казахстан» ЖШС қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізіліп, нәтижелері бойынша арыздағы сауалдар анықталды.

Тексеру барысында анықталған бұзушылық бойынша ҚР Еңбек кодексінің 193 бабы, 4 тармағына сәйкес жұмыс берушіге келесіде бұзушылықты болдырмау жөнінде ұйғарым беріліп және заңды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.