Ұжымдық келісім

Ұжымдық шарт – ұйымдағы әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттейтін, жұмыскерлердің өкілдері арқылы жұмыскерлер мен жұмыс беруші арасында жасалатын жазбаша келісім нысанындағы құқықтық акт. Ұжымдық шарт ұйымдар қызметкерлерінің әлеуметтік-еңбек құқықтарын  және кәсіби мүдделерін қорғау жөніндегі жұмыс беруші мен қызметкерлердің өзара міндеттемелерді анықтау және қызметкерлер үшін қосымша әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және кәсіби кепілдіктер, жеңілдіктер мен артықшылықтарды бекіту  мақсатында, Қазақстан Республикасының  Еңбек кодексіне, өзге де заңнамалық және нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жасалады.

«Павлодар облысының еңбек басқармасы» ММ (бұдан әрі – Басқарма) күнделікті тіркеу және ұжымдық шарттардың мониторингін жүргізеді. Бүгінгі күні жылдың басынан Басқармамен 153 ұжымдық шарттар тіркелді. Негізінде білім саласында.