Сегізінші «СЕНІМ» конкурсы

Біз адамдарды тәжірибе мен білім 
алмастыру үшін біріктіреміз!

«МЦФЭР–Қазақстан» ЖШС Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетімен, «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институты» РМКК-мен бірге, Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының қолдауымен республика жұмыс берушілерінің арасында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша КОНКУРС жариялайды.

Конкурсқа өтінімдер қабылдау –  2017 жылдың 1 желтоқсанынан 2018 жылдың 1 сәуіріне дейін.

Конкурсқа қатысу өтеусіз негізде жүзеге асырылады.

Жеңімпаздарды марапаттау 2018 жылдың сәуір айында, Астана қаласында өткізіледі.

Конкурс үш аталым бойынша өткізіледі:

1. «Еңбекті қорғаудың үздік қызметі» (I, II, III орындар)

Еңбекті қорғау қызметінің еңбек жағдайларын ішкі бақылауды, жұмыс орындарында белгіленген еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша талаптардың сақталуын және айқындалған бұзушылықтарды жою бойынша дереу іс-шаралардың қабылдануын қамтамасыз етудегі қызметі.

2. «Еңбекті қорғау жөніндегі үздік инженер» (I, II, III орындар)

Еңбекті қорғау жөніндегі инженердің ұйымдағы құрылымдық бөлімшелерде еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды қамтамасыз ету бойынша жұмысты жүзеге асыру қызметі.

3. «Еңбекті қорғау жөніндегі үздік техникалық инспектор» (I, II, III орындар)

Жұмыс берушінің алдында жұмыскерлердің еңбекті қорғауға құқықтарын жұмыс берушілердің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді сақтауына қоғамдық бақылау арқылы жүзеге асыратын, еңбекті қорғау жөніндегі қоғамдық инспектордың қызметі.

ҮЗДІК – демек БІРІНШІ!

Конкурсқа қатысу неліктен қажет?

«СЕНІМ» – Қазақстанда еңбекті қорғау саласындағы кәсіпқойларға арналған бірден-бір конкурс.

Конкурсқа қатысу – іскерлік мәртебені растау үшін іс-тәжіртбелік қадамдар, қызметкерлер мен клиенттердің алдында құзіреттілік пен әлеуметтік жауапкершілікті көрсету.

Конкурс жеңімпаздары туралы ақпарат конкурсты ұйымдастырушылардың интернет-ресурстарында және «Қазақстанда еңбекті қорғау» іскерлік баспасөз басылымында жарияланады.

Конкурсқа қатысу пайдалы қарым-қатынастар орнату мүмкіндігін ұсынады.

Конкурс – бұл сіздердің кәсіпорындағы еңбекті қорғау қызметі мамандары жұмысының жоғары тиімділігін көрсетудің бірегей мүмкіндігі.

Конкурс кәсіпорындар қызметкерлерінің өндірістік жарақаттануы, кәсіптік ауруға шалдығушылық профилактикасының тиімділігін арттыру, сондай-ақ жұмыс берушілерді жұмыскерлер еңбегінің қауіпсіз жағдайларын жасау үшін ынталандыру мақсаттарында өткізіледі.

Конкурсқа қатысушыға қалай айналады?

1. «ACTUALIS: Кадрлық іс» электрондық жүйесіне қолжетімділіктің бар болуы немесе «Қазақстанда еңбекті қорғау» журналы мен «Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі нормативтік актілер» журналының (тек электрондық нұсқасы) біреуіне 2017–2018 жылдарға жазылушы болу.

2. Конкурсқа қатысуға толтырылған сауалнама-өтінімді ұсыну. Сауалнамада аталым мен номинанттың тегін, атын, әкесінің атын көрсету. Әрбір аталым үшін жеке сауалнама-өтінім ұсынылады.

3. Нақты кәсіпорындағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласына қатысты, конкурсқа қатысуға арналған материалдар мен мәліметтерді (Word форматындағы нұсқаулықтар, ережелер, фотосуреттер, тұсаукесерлер) ұсыну.

4. Сіздердің еңбекті қорғау саласындағы әдістеріңіз бен технологияларыңыз туралы ақпаратты қамтитын мақаланы ұсыну (3–5 бет, А 4, қаріп: Times 12). Үздік мақалалар «Қазақстанда еңбекті қорғау» журналында жарияланатын болады.

5. Тақырыпқа (таңдау бойынша) конкурстық жұмыс орындау (2-ден 3 бетке дейін):

«Егер мен…» (мен өз кәсіпорнымда, Қазақстанда еңбекті қорғау жөніндегі жұмысты қалай жақсартқан болар едім);

«Ең үздік күн…» (Сіздің көзқарасыңыз бойынша,  2017 жылы еңбекті қорғау бойынша үздік іс-шара қалай өтті).

«Менің түсінігімдегі қауіпсіз еңбек…».

Қатысушы материалдарына қойылатын талаптар:

1. Қатысушы 2017 жылдың 1 желтоқсанынан 2018 жылдың 1 сәуіріне дейін конкурстық комиссияға  әрбір аталым бойынша жеке, қатысушы кәсіпорын басшысы және жауапты орындаушы қол қойған және ресімделген, еңбекті қорғау бойынша орындалған практикалық материалдарды ұсынуы қажет.

2. Практикалық материалдар нақты сипаттаманы қамтуы тиіс:

еңбекті қорғауды басқару жүйесін енгізу бойынша орындалған жұмыстар;

еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша халықаралық стандарттар;

жаңа қауіпсіз  технологиялар;

жабдықтарды жаңғырту және жаңарту;

еңбекті қорғау бойынша іс-шараларды қаржыландыру;

өндірістегі қауіпті және зиянды факторлар менг тәуекелдерді төмендету бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;

персоналдың өндірістік жарақаттануы мен кәсіптік ауруға шалдығушылығын болдырмау;

нақты кәсіпорында ұжымдық шарт, жұмыскерлерді жазатайым оқиғалардан әлеуметтік және міндетті сақтандыру бойынша орындалған міндеттемелерді көрсетумен, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі.

Ұсынылған материалдарда  фотосуреттер, өндірістік сұлбалар, диаграммалар, оларға мәтінде түсіндірме жазбамен берілген сілтемелері бар кестелер болуы тиіс.

Материалдар қағаз және электрондық тасымалдауыштарда қабылданады.

Материалдарды кәсіпорын деректемелерін, орындаушының тегін, атын және әкесінің атын (ол бар болған кезде) көрсетумен, аталымдар бойынша жеке папкаға тіккен жөн.

3. Мақала (бұрынырақ «Қазақстанда еңбекті қорғау» журналында жарияланбаған) мынадай айдарлардың біреуіне сәйкес келуі тиіс:

Бақылау және қадағалау

Еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету

Жұмыс орындарын аттестаттау

Жасыл экономика

Өнеркәсіптік қауіпсіздік

Денсаулыцқ сактау және қоршаған ортаны қорғау

Еңбекті қорғау бойынша жұмысты ұйымдастыру

Жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру және есепке алу

Қауіпсіздікті техникалық реттеу

Жеке қорғану құралдары

Еңбекті қорғау жүйесіндегі оқыту

Еңбекті қорғауды басқару

Өрт қауіпсіздігі

Әлеуметтік әріптестік

Еңбекті қорғау жөніндегі маманның практикумы

Материалдар мен қатысуға сауалнама-өтінімді мына мекенжайға жіберіңіздер:

050009,  Алматы қ., Шевченко көш.,  Радостовец к-нің бұрышы, 165б/72г,  712-офис.

«Еңбекті қорғау, кадрлар мен іс қағаздарын жүргізу» біріккен редакциясы.

тел.: +7 (727) 323-62-08 (ішкі 117, 118),

факс: +7 (727) 323-62-12,

e-mail: otk@mcfr.kzhead.kadry@mcfr.kz