«Еңбек күні»

Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 22 қарашадағы Жарлығымен "Еңбек күні" мерекесі тағайындалды, ол жыл сайын қыркүйектің соңғы жексенбісінде аталып өтеді. Бұл ресми мереке Жалпыға Еңбек Қоғамын құру жөнінде Президент идеясының шеңберінде еңбек адамының қоғамдағы беделін өсіруге, өндіруші еңбекті ынталандыруға, жұмысшы мамандықтарын насихаттауға және өндіріс саласына жастарды көптеп тартуға, жұмысшылар династиясындағы көпжылдық дәстүрді нығайтуға қызмет етпек.
Осы күнде жаңа марапат «Еңбек ардагері» медалі құрылды. Бұл шешім «Еңбек адамы» қазақстандық қоғамдағы беделің көтеріп, еңбек өнімділігін ынталандыру, өңдіріс саласына жастарды тартып жұмыс мамандықтарын үгіттеп, жұмыс әулеттерінің көпжылғы дәстүрін нығайту мақсатында қабылданған.     
«Еңбек ардагері» медалі экономиканың әртүрлі саласындағы жұмыскерлерді және 40 жылдан астам еңбек өтілі бар зейнетақы жасына жеткен, және еңбек қызметінде биік нәтижелерге жеткен адамдарды марапаттауға арналған.  
Осы күні еліміздің барлық облыстарында, Қазақстан экономикасын нығайтуға және дамуына үлкен үлес қосқан: кен-металлургия кешені; теміржол көлігі;көмір өңдірісі;  газмұнай кешені;машинажасау;білім саласы;денсаулық сақтау;химиялық өңдіріс;ауылшаруашылық;құрылыс және ҚШШ; электроэнергетика;банк мекемелері ; және қоғамдық қызмет көрсету және мемлекеттік басқару салаларындағы үздіктерді мараппатау өткізіледі.    
Еңбек күні мерекесі шеңберінде 21 қыркүйекте «Шаңырақ» халық шығармашылығы концерттік залында Еңбек күні мерекесіне арналған облыстық форум өткізіледі. 

 

Банеры

 

 

 

 

Сұрақ-жауап рубрикасы

2017 жылдың сұрақтары -
Жауап берілгендер -

2016 жылдың сұрақтары (215)
2015 жылдың сұрақтары (143)
2014 жылдың сұрақтары (59)
2013 жылдың сұрақтары (2)

Барлық сұрақтар -
Барлық жауаптар -

сұрақтарға көші >>>

Картада

г.Павлодар ул.Володарского д.129

Павлодар қ., Пл.Победы көш., 5А үй


Управление труда Павлодарской области